Осы Оферта мәтінін мұқият оқып шығыңыз және оның шарттарымен немесе шарттардың кез келген тармағымен келіспесеңіз, Орындаушы сізді Офертаны қабылдаудан және Сайтты пайдаланудан бас тартуға шақырады.

Қосымша ақпаратты мына байланыс деректері арқылы алуға болады:
электрондық пошта damiraismailova@gmail.com
тел нөмірі/whatsapp мессенждер +7 771 964 03 03

ОФЕРТА ШАРТЫ

Ақылы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету жөнінде
шарт жасасу туралы ұсыныс


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес бір немесе бірнеше тұлғаларға арналған Шарт жасасу туралы ұсыныс оферта болып табылады. Бұл құжат бұдан әрі Оферта немесе Шарт деп аталады.

1.2. Оферта:

1.2.1. https://damira.ismailova.kz/ сайтында жарияланған.

1.2.2. жария оферта болып табылмайды. Мына талаптарға сәйкес келетін тұлғалар ғана офертаны қабылдай алады:

- Тапсырыс берушінің бизнесі бар немесе оны бастау үшін бизнес-жоспары/бизнес-идеясы бар немесе

- Тапсырыс беруші маркетинг саласында жұмыс істейтін маман болып табылады және компанияның (клиентінің) мүддесі үшін әрекет етеді,

- Тапсырыс беруші қызметінің желілік маркетингпен, алкоголь және темекі өнімдерімен, қаржылық пирамидалармен немесе өсімқорлықпен байланысы жоқ,

- Тапсырыс берушінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын, кәсіпкерлік қызмет ережелерін, жалпы адамгершілік пен имандылық нормаларын бұзбайды,

- Тапсырыс берушінің заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдысы бар.



1.2.3. 18 жастан асқан жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, сондай-ақ көрсетілген талаптарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлерге арналған, және

1.2.4. KGL ЖК-пен БСН 870304301665, 0101 сериялы №0020004 төмендегі талаптар бойынша Шарт жасасуға мүмкіндік береді.

1.3. Сайт пайдаланушылары мен Клиенттердің жеке деректерін өңдеу ережелері мен тәртібі https://damira.ismailova.kz/ сайтында жарияланған Құпиялық саясатында белгіленген. Тұтынушының жеке деректерін беруі Құпиялық саясатында көрсетілген барлық тармақтармен толық және сөзсіз келісуін білдіреді

1.4. Шарт аясындағы ақпараттық-консультациялық қызметтер Тапсырыс берушінің кәсіпкерлік қызметпен айналысуына байланысты көрсетілетіндіктен, осы Шарттың талаптарына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-«Ақылы қызмет көрсету» тарауының ережелері қолданылады және Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы N 274-IV Заңының талаптары қолданылмайды.

1.5. Орындаушы өз қызметін 25.01.2016 жылғы 0101 cериялы №0020004 тіркеу туралы куәлік негізінде жүзеге асырады.



2. ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

2.1. Сайт — бірыңғай тақырып мен дизайн аясында, айрықша құқықтары Орындаушыға тиесілі https://damira.ismailova.kz/ доменінің бірыңғай мекенжай кеңістігі аясында біріктіріліп, Интернетте орналастырылған веб-беттердің жиынтығы.

2.2. Орындаушы— ЖК KGL, БСН 870304301665, 0101 сериялы №0020004.

2.3. Тапсырыс беруші— Орындаушы қызметтерін алушы.

2.4. Тараптар— осы оферта мәтінінде бірге аталатын Тапсырыс беруші мен Орындаушы.

2.5. Бірегей кілт– логин мен құпия сөз комбинациясы және/немесе қызметтерді алу үшін жеке кабинетке кіру рұқсатын беретін гиперсілтеме.

2.6. Онлайн-курс — Қызметтің көрсетілуі Орындаушы тарапынан білім платформасының (https://getcourse.ru/ немесе басқа ұқсас платформаның) жабық бөлімінде материалды (мәтіндік ақпарат және/немесе аудио, бейнежазбалар және/немесе нақты уақыт режимінде өткізетін немесе жазылған вебинарлар) және Тапсырыс берушіге арналған тапсырмаларды орналастыру арқылы, сондай-ақ курс өту барысында Тапсырыс берушіге қажет болатын басқа да ақпараттық қолдау (барлығы бірге курс деп аталады) арқылы қамтамасыз етіледі. Курсқа кіретін қызметтердің толық сипаттамасы (оның ішінде оқу жоспары, бағдарламасы, бағалар, курс күндері және басқа да қажетті ақпарат) веб-сайтта және Офертаның № 1 Қосымшасында орналастырылған.

2.7. Қатысу тарифі (пакет) — курс бағасына кіретін қызметтер жиынтығы.

2.8. Лек— Орындаушы қызмет көрсетуді бастағанға дейін жинаған және Орындаушының бекіткен кестесіне сәйкес оқу уақыты шектелген курсанттар (белгіленген бағдарлама бойынша курс оқушылар) тобы.



3. ШАРТТЫҢ МӘНІ


3.1. Орындаушы маркетинг, тауарлар мен қызметтерді сату, бизнесті жүйелеу мен басқарумен байланысты мәселелер бойынша Тапсырыс берушіге білімді, дағдылар мен машықтарды беруге бағытталған ақпараттық-консультациялық қызметтерін көрсетуге міндеттенеді.

3.2. Тапсырыс беруші осы қызметтердің ақысын төлеуге, оларды қабылдауға және осы Шартта белгіленген талаптарды тиісті түрде орындауға міндеттенеді.

3.3. Қызметтер Орындаушы тарапынан Интернет арқылы қашықтан немесе тараптардың келіскен мекенжайы бойынша бетпе-бет көрсетіледі.

3.4. Қызметтер топтық үлгіде онлайн курстың ұйымдасқан топтары құрамында, жеке жұмыс үлгісінде және Тапсырыс берушінің өз бетімен оқуы үшін материалды ұсыну түрінде де көрсетіледі.

3.5. Орындаушы Шарт жасамас бұрын қызметтердің егжей-тегжейлі сипаттамасын, олардың бағасын, оқу бағдарламасын, қызметтерді көрсету мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ басқа да ақпаратты Орындаушының веб-сайтында, тиісті бетте және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшаларда орналастырады.

3.6. Қызметтерді көрсету жөніндегі жұмысты Орындаушы тікелей жүзеге асырады.


4. ШАРТ ЖАСАУ ТӘРТІБІ


4.1. Оферта шарттарын толық және сөзсіз қабылдау (акцепт) келесілер болып табылады:

4.1.1. Тапсырыс берушінің Оферта шарттарымен келісетінін растауы (сайтта қызметті сатып алу батырмасының жанында Тұтынушының осы Оферта мәтінімен танысып, келісетінін растайтын « ✔ » белгісін қою арқылы);
4.1.2. қызмет ақысын төлеу үшін ерікті төлем жасауы.

4.2. Қызметтерді төлеу үшін шот-фактура алғысы келетін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер болып табылатын тапсырыс беруші Шартта көрсетілген байланыс деректеріне өтініш жіберуі керек. Өтініште міндетті түрде мына деректер көрсетілу керек:

1) ұйымның атауы, деректемелері, электрондық пошта мекенжайы және телефон нөмірі немесе жеке кәсіпкер үшін толық аты-жөні, деректемелері, электрондық пошта мекенжайы және телефон нөмірі;

2) таңдаған қызмет түрі мен тариф;

3) қызметті алатын тұлғаның толық аты-жөні, электрондық пошта мекенжайы және телефон нөмірі.

Төлем шоты сайтта автоматты түрде жасалуы мүмкін (егер мұндай мүмкіндік cайттың функционалында қарастырылған болса). Тапсырыс беруші төлем шотын алған соң 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шотты төлеуге тиіс, көрсетілген мерзім өткеннен кейін Орындаушы қызметтердің құнын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.

4.3. Тапсырыс беруші таңдаған Қызметке қатысты Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасындағы Шарт акцепттелген сәттен бастап Оферта талаптары бойынша жасалған болып саналады және Орындаушы мен Тапсырыс беруші Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді.

4.4. Егер онлайн-курс легінде бос орындар болмаса, Орындаушы шарт жасасудан бас тартуға құқылы.

4.5. Тапсырыс беруші оған қажет қосымша ақпаратты damiraismailova@gmail.com электрондық поштасына немесе +7 771 964 0303 телефон нөміріне хабарласып біле алады.

5. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ

5.1. Қызметтердің құны мен төлеу тәртібі сайтта қызметтің сипаттамасында көрсетілген.

5.2. Барлық төлемдер теңгемен жүргізіледі.

5.3. Төлем қолма-қол ақшасыз үлгіде Орындаушының сайтында орналасқан төлем түймесі арқылы немесе Орындаушы Тапсырыс берушіге онлайн төлем сервисіне бірегей сілтеме жіберу арқылы немесе төлем шотын жазып беру арқылы жүзеге асырылады.

5.4. Орындаушының шотына қаражат түскен сәттен бастап қызмет төленген болып есептеледі.

5.5. Қызметке тапсырыс жасалған күннен бастап 3 (үш) күн ішінде төлем жасалмаса, тапсырыс күшін жоғалтқан болып есептеледі.

5.7. Төлем жүйесінің комиссиясы қызметтердің құнына кіреді.

5.8 Төлем белгіленген сомадан артық сомада түссе, Шарт жасалды деп есептеледі, ал Тапсырыс беруші Орындаушыға қате аударылған сома туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Артық төленген сома төлемді қайтару туралы шешім қабылданған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің шотына қайтарылады.

5.9. Төлемді қайтару тәртібі және оның шарттары әрбір қызмет үшін жеке белгіленеді және Шарттың қосымшаларында көрсетілген.

5.9.1. Орындаушы шектеулі уақытқа жарамды болатын арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктерді қолдануға құқылы. Тапсырыс беруші көрсетілген сомада төлем жасау арқылы арнайы ұсыныстардың шарттарымен келіседі. Арнайы ұсыныстың қолданылу мерзімі өткеннен кейін Тапсырыс беруші Орындаушыдан онымен осы шарттарда шарт жасасуды талап етуге құқығы жоқ. Арнайы ұсынысқа дейін шарт жасасқан Тапсырыс беруші Шарт талаптарын өзгертуді және ол төлеген баға мен арнайы ұсыныс бойынша баға арасындағы айырманы қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

5.9.2 Курстағы орынды брондау үшін төленетін сома кепілдік төлем болып табылады және егер тараптар басқа сомаға келіспесе, 10 000 (он мың) теңгені құрайды. Кепілдік төлемі Тараптар міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде Шарт бағасының төлеміне есептеледі. Егер Тапсырыс беруші Шартты орындаудан бас тартса немесе курс ақысын бөліп төлеген жағдайда төлеу мерзімін бұзса, кепілдік төлем қайтарылмайды.

5.10. Онлайн курсқа қатысуды келесі лекке ауыстыру.

5.10.1. Егер Тапсырыс берушінің дәлелді себептері болса (ауру, ұзақ сапар немесе басқа форс-мажор жағдайлар), сондай-ақ Орындаушының мүмкіндігі болса, Тапсырыс беруші Орындаушының кестесіне сәйкес онлайн-курстың келесі легіне ауысып оқуына болады.

5.10.2. Келесі лекке ауысу үшін Тапсырыс беруші курстың басталу күніне дейін немесе ол басталғаннан кейін 14 күн ішінде Орындаушының damiraismailova@gmail.com электрондық поштасына немесе мессенджерге өтініш беріп, өтініште келесі лекке ауысудың себептерін және себептерін растайтын құжаттарды (еңбекке жарамсыздық қағазы, билеттер және т.б.) көрсетуі керек.

5.10.3. Орындаушы өтінішті 10 күн ішінде қарайды және Тапсырыс берушінің электрондық поштасына келесі лекке ауыстыру немесе ауыстырмау жөнінде шешімін хабарлайды.

5.10.4. Келесі лекке ауысу мүмкіндігі бір рет қана беріледі.

5.10.5. Егер Тапсырыс беруші келесі лекте де қызметті ала алмаса, курс ақысы толық төленген жағдайда, Орындаушы төленген толық төлемнің жартысын Тапсырыс берушіге қайтарады. Орындаушы төлемнің қалған жартысын ұстап қалуға құқылы, Тараптар мұндай ұстап қалуды міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартқаны үшін өтемақы ретінде қарастырады (ҚР АК 401-бап). Курс ақысының 50% көлемінде алдын ала төлем жасалса, төлем қайтарылмайды.

5.11. Егер Тапсырыс беруші Орындаушыға қатысы жоқ себептерге байланысты курс өтетін платформаға кірмесе, видео-сабақтарды қарамаса, мәтіндік және графикалық материалды оқымаса, тапсырмаларды орындамаса, курс аяқталған соң қызметтер тиісті түрде көрсетілген болып саналады және Орындаушыға төленген ақшалай қаражат қайтарылмайды (ҚР АК 685-бап, 2-тармақ).

5.12. Курсқа қатысудан бас тарту туралы өтініште мына деректер көрсетілген жағдайда, өтініш тиісті түрде ресімделген болып саналады:

5.12.1. Тапсырыс берушінің толық аты-жөні, паспорт деректері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы;

5.12.2. Ақшалай қаражатты қайтару себебі және банк деректемелері.

5.12.3. Өтінішке Тапсырыс беруші жеке қол қойып, сканерден өткізіп, Орындаушыға damiraismailova@gmail.com электрондық поштасына жіберуі керек.

5.13. Орындаушы қайтару себебімен танысып, саралап, Шарт талаптарының сақталуына мән беріп, төлемді қайтару-қайтармау жөнінде шешім қабылдайды.

5.14. 10 (он) жұмыс күні ішінде Орындаушы төлемді қайтару-қайтармау жөнінде шешім қабылдайды, бұл туралы Тапсырыс берушінің электрондық пошта мекенжайына жауап жіберу арқылы Тапсырыс берушіні хабардар етеді және Орындаушы қайтару туралы оң шешім қабылдаған жағдайда төлемді қайтарады.

5.15. Орындаушы төлемді қайтарған кезде төлеу жүйелерінің комиссияларын, нақты көрсетіліп қойған қызметтердің құнын, Шартты орындаумен байланысты өзге шығындарды шегере отырып қайтарады. Тараптар Орындаушы ұстап қалған барлық өзге сомаларды Тапсырыс берушінің осы Шарт талаптарын бұзғаны үшін Орындаушыға төлейтін шарттық айыпақысы деп санауға келіседі.

5.16. Төлемді қайтару өтініште көрсетілген Тапсырыс берушінің банк шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырылады.

5.17. Орындаушы өз қалауы бойынша, нақты көрсетіліп қойған қызметтердің құнын қоспағанда, бұрын жіберілген қаражатты қайтара отырып, кез келген кезеңде Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуден бас тартуға құқылы. Орындаушы қызметке қол жеткізу мүмкіндігін тоқтатқан жағдайда, Тапсырыс беруші арыз жіберілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей төлемді қайтару үшін қажетті деректерді беруге міндеттенеді. Сұралған деректер уақытында берілмесе, Орындаушы төлемнің кешіктірілуіне жауапты болмайды.

5.18. Орындаушы атынан автоматты түрде келетін хаттардан байқаусызда немесе өз еркімен бас тарту ("отписка" басып қою), Орындаушы хаттарының «Спам» папкасына өтіп кетуі, чаттардан байқаусызда немесе өз еркімен шығып кетуі төлемді қайтаруға негіз болып табылмайды. Қызметті сатып алған кезде тіркеу формасына енгізілген электрондық пошта мекенжайына Орындаушының хаттары келмеген жағдайда, Тапсырыс беруші бұл туралы Орындаушыны хабардар етуге міндеттенеді.

6. АЙРЫҚША ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР

6.1. Қызмет көрсету барысында Орындаушының Тапсырыс берушіге беретін барлық материалдары, сондай-ақ қызмет көрсету кезінде алынған фото- және видео түсірілім нәтижелері Орындаушының зияткерлік қызметінің нәтижесі болып табылады. Тапсырыс беруші осы тармақта көрсетілген материалдарға енгізілген өзінің фото және видео бейнесін пайдалануға келіседі. Тапсырыс беруші Шарттың осы тармағымен келіспеген жағдайда, бұл жөнінде Орындаушыға қызмет көрсету басталғанға дейін damiraismailova@gmail.com электрондық пошта мекенжайы бойынша немесе мессенджерде жазбаша хабарлауға міндетті.

6.2. Эксклюзивті авторлық құқықтар, соның ішінде авторлық құқыққа қатысы бар басқа да құқықтар Орындаушыға тиесілі. Қызмет көрсету процесінде Орындаушы Тапсырыс берушіге ұсынатын барлық материалдар тек Тапсырыс берушінің жеке қолдануы үшін арналған. Тапсырыс беруші көрсетілген материалдарды көшіруге, үшінші тұлғаларға беруге немесе жария түрде дәйексөз алуға құқығы жоқ.

6.3. Орындаушы құрама туынды ретінде сайттың, онлайн курстың, ақпараттық материалдардың, вебинарлардың авторлық құқық иесі болып табылады.

6.4. Қызметтерді көрсету кезінде ұсынылатын мазмұнды (контент) Орындаушының жазбаша келісімінсіз жариялауға, көбейтуге, өңдеуге, таратуға, сатуға немесе басқаша түрде ішінара немесе толық пайдалануға болмайды.

6.5. Тапсырыс беруші вебинарларды, консультацияларды, мәтіндік және басқа материалдарды жазып алмауға, таратпауға (соның ішінде ақшалай ақы алып, Интернетте орналастыру үшін, ұжымдық/үлестік меншікке беру үшін), сондай-ақ Орындаушымен қызмет көрсету шартын жасамаған тұлғаларға арнап вебинардың (соның ішінде ақылы вебинардың) ретрансляциясын жасамауға міндеттенеді. Шарттың осы тармағы бұзылған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушінің курсқа кіруіне тосқауыл қояды, ал Тапсырыс беруші Орындаушыға 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде айыппұл төлейді.

6.6. Осы Шартта көзделген қызметтерді Орындаушы тек қана Тапсырыс берушіге немесе Тапсырыс беруші қызмет алушы ретінде көрсеткен тұлғаға көрсетеді. Тапсырыс берушіге немесе Тапсырыс беруші көрсетілетін қызметті алушы ретінде көрсеткен тұлғаға қызметтерді алу үшін бірегей кілт мәліметтерін үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады, ал Орындаушының арнайы рұқсатынсыз қызметтерді бірлесіп (Тапсырыс беруші және үшінші тұлғалар) алуға тыйым салынады. Осы тармақты бұзған жағдайда Орындаушы Тапсырыс берушінің немесе Тапсырыс беруші қызмет алушы ретінде көрсеткен тұлғаның қызметке қол жеткізуін бұғаттайды, ал Тапсырыс беруші Орындаушыға 1 000 000 (бір миллион) мөлшерінде айыппұл төлейді.

6.7. Тапсырыс беруші Шарттың осы бөлімінің талаптарын бұзған жағдайда төлем қайтарылмайды. Тараптар ұсталған қаражатты Тапсырыс берушінің осы Шарт талаптарын бұзғаны үшін Орындаушыға төлейтін шарттық айыпақысы деп санауға келіседі

6.8. Тапсырыс беруші қандай да мәтінін, фотосуреттерін, пікірлерін және басқа контентін курс өтіп жатқан платформаға немесе мессенджердегі чаттарға сала отырып, Орындаушыға осы мәтінін, фотосуреттерін, пікірлерін және басқа да контентін аумағы мен мерзімі бойынша шектеу қоймай, ақы талап етпей, көпшілікке көрсетуге, өңдеуге, көбейтуге, таратуға, жариялауға айрықша емес құқықтар береді.

Тапсырыс берушінің контенті Тапсырыс беруші және үшінші тұлғалар үшін қарауға қолжетімді болады.

6.9. Аудио-, видеоматериалдарға, тапсырмаларға, лекция мәтіндеріне және Орындаушының зияткерлік қызметінің басқа нәтижелеріне қатысты Тапсырыс берушіге сайтта көрсетілген қызмет көрсету мерзіміне бүкіл әлем бойынша қарапайым (ерекше емес) лицензия беріледі.

6.10. Орындаушының зияткерлік қызметінің нәтижелерін Тапсырыс беруші мынадай жолдармен пайдалана алады: танысу (көру, оқу, тыңдау арқылы, контент түріне қарай басқа да жолмен танысу арқылы) және коммерциялық емес, жеке мақсаттарда ғана ойнату, жаңғырту.


7. КЕЛІСІМ БОЙЫНША ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

7.1. Осы Шарт бойынша немесе оған байланысты Тараптар арасында туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер келіссөз жүргізу арқылы шешіледі.

7.2. Тараптар арасындағы келіспеушіліктерді келіссөз жүргізу арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Орындаушының орналасқан жері бойынша сотта қаралуға жатады.

8. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТТЫ БАСҚАРУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

8.1. Электрондық хат алмасу (электрондық поштаны немесе мессенджерлерді пайдалану арқылы, сондай-ақ білім платформасының сервистерін пайдалану кезінде) Шарт аясында туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін Тараптар арасында ақпарат алмасудың негізгі тәсілі болып табылады.

8.2. Шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайларынан/телефон нөмірлерінен Шартта көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына/телефон нөмірлеріне жіберілген кез келген кіріс және шығыс электрондық хабарламалар заңды мәні бар электрондық хат алмасу мәртебесіне ие.

8.3. Тараптар мына байланыс деректерін пайдаланады деп келісті:

8.3.1. Орындаушы атынан — damiraismailova@gmail.com, +7 771 964 0303;
8.3.2. Тапсырыс беруші атынан — қызмет көрсету бойынша өтініш формасын/қызметті сатып алу формасын толтырған кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірі.

8.4. Көрсетілген байланыс арналары арқылы хат алмасу қарапайым электрондық қолтаңбаның күшіне ие және тараптардың жеке қолдары қойылған қағаз құжаттарға тең.

8.5. Тараптар көрсетілген байланыс арналарына кіру деректерінің құпиялығын сақтауға және бірегей кілт деректерін үшінші тұлғаларға таратпауға міндеттенеді.

9. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


9.1. Осы Оферта бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

9.2. Орындаушы көрсетілген қызметтердің Тапсырыс берушінің ойындағысына және/немесе оның субъективті бағасына сәйкес келмеуі үшін жауапты емес. Мұндай сәйкессіздік және/немесе теріс субъективті бағалау көрсетілетін қызметтерді сапасыз немесе толық емес деп санауға негіз болып табылмайды.

9.3. Орындаушының осы Шарт бойынша қызмет көрсету аясында ұсынатын ақпарат, материалдар және/немесе кеңестердің ешқайсысы кепілдік ретінде қарастырыла алмайды. Орындаушы ұсынған бүкіл ақпарат негізінде шешім қабылдау Тапсырыс берушінің айрықша құзыретіне жатады. Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау шеңберінде Орындаушы ұсынған ақпарат пен материалдарды пайдалануға байланысты толық жауапкершілік пен тәуекелдерді өз мойнына алады.

9.4. Орындаушы Тапсырыс беруші түйген қорытындылары, әрекеттері/әрекетсіздігі, шешімдері үшін жауапты емес.

9.5. Қызмет көрсету барысында Тапсырыс берушіге білім платформасына және басқа жабық конференцияларға (чат бөлмелеріне) кіру рұқсаты беріледі, мұнда Тапсырыс беруші орындалған үй тапсырмасын, пікірлерін, сұрақтарын, фотосуреттерді, мәтіндерді шығаруға құқылы. Бұл ретте ұлтаралық, конфессияаралық және мемлекетаралық өшпенділік көрсетуге, Орындаушыға, басқа қатысушыларға және үшінші тұлғаларға қарсы балағат сөздер айту мен қорлау, жеке шабуылдар мен жанжалдарға, халықаралық құқықпен тыйым салынған ақпаратты таратуға, қару мен есірткіні насихаттауға тыйым салынады.

Тапсырыс берушi айналысып жатқан қызметiне байланысты әрекеттерi үшiн, соның iшiнде оның әрекеттерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiнi және үшiншi тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайтындығы үшiн үшiншi тұлғалардың алдында дербес жауапты болады. Тапсырыс беруші білім платформасындағы, мессенджер чаттарындағы әрекеттеріне байланысты мемлекеттік орган өкілдері мен үшінші тұлғалар тарапынан туған қандай да кінарат-талаптарды өз бетімен және өз есебінен қанағаттандыруға міндеттенеді.

Бұл жағдайда төлем қайтарылмайды. Тараптар ұсталған қаражатты Тапсырыс берушінің әрекеті үшін шарттық айыпақы ретінде санауға келіседі.


10.
ОФЕРТАНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОФЕРТАНЫ ӨЗГЕРТУ


10.1. Осы Оферта Тапсырыс беруші Офертаны қабылдаған (акцепттеген) сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін жарамды.

10.2. Тапсырыс беруші Офертаға енгізілген өзгерістер Тапсырыс беруші мен Орындаушы арасында жасалған ағымдағы Шартқа осы өзгерістерді енгізуге әкеп соғатынымен келіседі және растайды және бұл өзгерістер Офертаға енгізілген өзгерістермен бір мезгілде күшіне енеді. Сайтты, білім платформасын пайдалануды жалғастыру Тапсырыс берушінің Офертаның жаңа нұсқасының шарттарымен келісуін білдіреді. Егер Тапсырыс беруші Оферта жаңа нұсқасының шарттарымен келіспесе, ол сайтты және білім платформасын пайдалануды тоқтатуға міндеттенеді.

10.3. Тапсырыс беруші келесі тармақтардың біреуін бұзған жағдайда, Шарт Орындаушы тарапынан соттан тыс біржақты тәртіпте мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін:

10.3.1. Тапсырыс берушінің Орындаушы тапсырмаларын, кеңестерін және талаптарын орындау мерзімдерін сақтамауы;

10.3.2. Тапсырыс берушінің Орындаушыға жалған, ескірген ақпарат беруі;

10.3.3. Дөрекілік, өрескелдік белгілерін көрсету немесе көпшілікте қабылданған өзге де мінез-құлық нормаларын бұзу;

10.3.4. Қызмет көрсету аясында берілетін ақпарат пен материалдарды қандай да техникалық құралмен (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: мобильді телефон, бөгде бағдарламалық жасақтама және т.б. көмегімен) жазып алу, Орындаушының Тапсырыс берушіге берген материалдарды коммерциялық немесе коммерциялық емес мақсатта тарату (Интернет сайттарында немесе әлеуметтік желілерде жариялау, көшіру, табыстау немесе үшінші тұлғаларға алып сату), олардың негізінде коммерциялық пайда алу мақсатында туынды ақпараттық өнімдер жасау, сондай-ақ осы ақпаратты жеке пайдаланудан өзге кез келген басқа жолмен пайдалану;

10.3.5. Үшінші тұлғаларға тарату және білім платформасының жеке кабинетіне кіруге арналған құпия сөздердің құпиялығын қамтамасыз етпеу.

10.3.6. Білім платформасында немесе басқа жабық конференцияларда үшінші тұлғалардың келісімінсіз олардың жеке деректерін, соның ішінде үй мекенжайларын, телефон нөмірлерін төлқұжат деректерін салу.

10.3.7. Орындаушымен алдын ала келіскен жағдайларды қоспағанда, білім платформасында немесе басқа жабық конференцияларда коммерциялық жарнаманы, коммерциялық ұсыныстарды, үгіттеуші ақпаратты және кез келген басқа беймаза ақпаратты салу.

10.3.8 Тапсырыс берушінің қызмет ақысын төлеу бойынша міндеттерін орындамауы немесе шартта белгіленген талаптарды басқадай жолмен бұзуы.

10.4. Тапсырыс берушіге электрондық пошта немесе мессенджер арқылы хабарлама жіберіліп, білім платформасында және басқа жабық конференцияларда ақпараттық материалдарға кіру рұқсаты жабылған күннен бастап Шарт тоқтатылған болып саналады.

10.5. Орындаушы хабарламасы Тапсырыс беруші қызмет ақысын төлеу кезінде көрсеткен электрондық поштаға ғана жіберіледі. Төлем ақысы қайтарылмайды. Тараптар ұсталған қаражатты Тапсырыс берушінің Шартты бұзған әрекеті үшін шарттық айыпақы ретінде санауға келіседі.

11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

11.1. Осы Офертамен реттелмеген басқа жағдайдалардың бәрінде Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасын басшылыққа алады.

11.2. Осы Оферта шарттарын қабылдай отырып, Тапсырыс беруші Офертаның қолданылу мерзіміне қарамастан Орындаушының басқа да іс-шаралары, оларды өткізу шарттары, ақысын төлеу шарттары туралы және басқа да ақпаратты электрондық поштасына және мессенджерлеріне (WhatsApp, Telegram және т.б.) алуға келісімін білдіреді. Бұл ретте Тапсырыс беруші кез келген уақытта damiraismailova@gmail.com электрондық поштасы немесе +7 771 964 0303 телефон нөмірі бойынша Орындаушыға хабарласу арқылы осындай хабарларды тарату тізімінен шығарып тастауын талап етуге құқылы. Бұл жағдайда ақпаратты алмағаны үшін жауапкершілік Тапсырыс берушіге жүктеледі.

11.3. Соттың осы Офертаның қандай да ережесін жарамсыз немесе мәжбүрлі түрде орындалмайтын деп тануы Шарттың басқа ережелерінің жарамсыз немесе мәжбүрлі түрде орындалмайтын екендігін білдірмейді.

11.4. Тапсырыс беруші «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен және Орындаушының құпиялық саясатымен таныс екеніне кепілдік береді. Осы Офертаны қабылдау арқылы Тапсырыс беруші дербес деректерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып/пайдаланбай өңдеуге, деректерді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға беруге, сақтауға және жоюға келісімін білдіреді. Тараптар Тапсырыс берушінің мынадай дербес деректерін өңдеуге келісімін берді деп қарастыруға келісті: Тегі, Аты, Әкесінің аты; туған күні; электрондық пошта мекенжайы (е-mail), төлефон нөмірлері, фотосуреттері, сондай-ақ Орындаушы Тапсырыс берушіден алған өзге ақпарат. Тапсырыс берушінің дербес деректері тек осы Шартты тиісті түрде орындау мақсатында ғана пайдаланылады. Тапсырыс берушінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін Орындаушымен жасасқан Шарт негізінде әрекет ететін үшінші тұлғаларға ақпараттың берілуі дербес деректердің құпиялығын бұзу болып табылмайды.

11.5. Орындаушы еңсерілмейтін жағдайлар (форс-мажор), соның ішінде: мемлекеттік органдардың әрекеттері (соның ішінде құқықтық актілердің қабылдануы), өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, басқа да табиғи апаттар, электр қуатының болмауы және/немесе компьютерлік желілердің істен шығуы, ереуілдер, азаматтық толқулар, тәртіпсіздіктер және Шартты орындауына кедергі бола алатын кез келген басқа жағдайлар себепті осы Шарт талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

ҚОСЫМШАЛАР

1. «Онлайн курс» қызметін көрсету шарттары
1.1 "Миллионға сату интенсиві" бағдарламасы бойынша курс оқу
1.2 "Оффер. Бір дегеннен сат уоркшобы" бағдарламасы бойынша курс оқу

2. "Вебинар", "Видеосабақ" қызметін көрсету шарттары
2.1 "Бизнестің өсу жолдары. Выручка өсіретін 8 құрал" вебинары
2.2 "Продажаға кедергі жасайтын установкалар" вебинары
2.3 "Қазандағы тесік" видеосабағы

ОРЫНДАУШЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ

ЖК KGL
БСН 870304301665,
0101 сериялы №0020004
damiraismailova@gmail.com
тел.: +7 771 964 0303

Жұмыс уақыты: Астана уақытымен 10:00 бастап 17:00 дейін

№ 1-қосымша
«ОНЛАЙН-КУРС» ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
«Миллионға сату» интенсиві бағдарламасы бойынша курс оқу
1. ҚЫЗМЕТ АТЫ

1.1. «Миллионға сату» интенсиві бағдарламасы бойынша курс оқу

2. ҚЫЗМЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҰЗАҚТЫҒЫ, ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ, ТАРИФТЕР

2.1. Офертаның ажырамас бөлігі бөліп табылатын https://damira.ismailova.kz/mln сайт бетінде көрсетілген.

3. ОФЕРТАНЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

3.1. Тапсырыс беруші сайтта арнайы жолдарға аты-жөнін, электрондық пошта мекенжайын және телефон нөмірін енгізе отырып өтінішті толтырады, содан кейін қызмет ақысын төлейді.

3.2. Қызметтерді көрсету білім беру мақсаттарымен шектеледі және Тапсырыс берушіге ақпаратты беру, осы ақпаратты өз бетімен қолдану және бұдан әрі кәсіпкерлік қызметінде пайдалану дағдысын дамытуға бағытталған. Шарт бойынша қызмет көрсету аясында Орындаушы ұсынатын ешбір ақпарат, материалдар және/немесе консультациялар нәтижеге қол жеткізудің кепілі ретінде қарастырыла алмайды, өйткені бұл толығымен Тапсырыс берушінің әрекеттеріне, оның жеке қасиеттеріне, Орындаушыдан білген білімі мен оқу материалдарын меңгеру/енгізу сапасы мен жылдамдығына байланысты.

3.3. Курсқа орынды брондау үшін төленетін сома кепілдік төлем болып табылады және егер тараптар басқа сомаға келіспесе, 20 000 (жиырма мың) теңгені құрайды. Кепілдік төлем Тараптар өз міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде Шарттың құнын төлеу үшін есептеледі. Егер Тапсырыс беруші Шартты орындаудан бас тартса немесе бөліп төлеу кезінде төлем мерзімін сақтамаса, кепілақы қайтарылмайды.

4. ҚАБЫЛДАУ (ШАРТ ЖАСАСУ) СӘТІ

4.1. Офертаны қабылдау сәті қызмет ақысын төлеу күні болып табылады.

5. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

5.1. Тапсырыс беруші қызмет ақысын төлегеннен кейін Орындаушы Тапсырыс берушінің электрондық поштасына ұйымдастыру мәселелері жөнінде, сондай-ақ платформаға кіру рұқсатын беру мен оның мерзімдері бойынша хат жібереді.

5.2. Егер Тапсырыс беруші хат алмаса, онда сайтта көрсетілген электрондық пошта мекенжайы немесе +7 771 964 0303 нөмірі бойынша Орындаушыға хабарласуы керек.

5.3. Курс материалдары рет-ретімен (бір сабақтан кейін келесі сабақ) Сайтта көрсетілген мерзімге және кестеге сәйкес ашылады.

5.4. Тапсырмалар бойынша кері байланыс білім платформасында немесе WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде жазбаша немесе аудио форматта беріледі.

5.5. Егер Тапсырыс беруші:

  • тапсырмаларды белгіленген мерзімнен кешіктіріп жіберсе,
  • балағат сөздер айтса, тіл тигізсе немесе ақылақтық пен әдеп нормаларын басқадай үлгіде бұзса,
Орындаушы орындалған тапсырмалар бойынша Тапсырыс берушіге кері байланыс беруден бас тартуға құқылы

5.6. Тапсырмаларды орындау мерзімдері курс бағдарламасымен реттеледі және білім платформасында көрсетіледі.

6. ОРЫНДАУШЫ ТАРАПЫНАН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ СӘТІ

6.1. Курстың соңғы сабағы оқу платформасында ашылған сәттен бастап Қызмет тиісті түрде көрсетілген және Тапсырыс беруші тарапынан қабылданған болып саналады.

6.2. Курстың соңғы сабағы оқу платформасында ашылғаннан соң қызметтің сапасына қатысты шағымдар қабылданбайды.

6.3. Тараптар арасында Атқарылған жұмыстар актісі жасалмайды және қол қойылмайды.

7. ТӨЛЕМДІ ҚАЙТАРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

7.1. Тапсырыс беруші онлайн курс басталғанға дейін және ол басталғаннан кейін 7 күн ішінде Орындаушының электрондық мекенжайына немесе телефон нөміріне шартты бұзу туралы өтінішті жіберу арқылы қызметтен бас тартуға құқылы. Тапсырыс беруші Өтінішті сайттағы форманы толтырған кезде көрсеткен электрондық поштасының мекенжайынан жіберу керек.

7.2. Төлем ақысы қайтарылған кезде төлеу жүйелерінің комиссиялары және нақты көрсетілген қызметтердің құны ұстап алынады. Нақты көрсетілген қызметтердің құны мына формуламен есептелінеді:

Қайтарылатын сома= Х -n - X/Y*Z, мұндағы
Х - толық оқу ақысы,
Y - курстағы модульдер саны
Z - Тапсырыс берушіге нақты ашылған модульдер саны
n - төлем жүйелерінің комиссиялары

7.3. Төлемді қайтару туралы өтініш көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен жағдайда төлем қайтарылмайды. Тараптар ұсталған қаражатты міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартқаны үшін өтемақы деп санауға келіседі (ҚР АК 401-бап).

«ОНЛАЙН-КУРС» ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
«Оффер. Бір дегеннен сат уоркшобы» бағдарламасы бойынша оқу

1. ҚЫЗМЕТ АТЫ

1.1. «Оффер. Бір дегеннен сат уоркшобы» бағдарламасы бойынша оқу

2. ҚЫЗМЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҰЗАҚТЫҒЫ, ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ, ТАРИФТЕР

2.1. Офертаның ажырамас бөлігі бөліп табылатын https://damira.ismailova.kz/offersatu сайт бетінде көрсетілген.

3. ОФЕРТАНЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

3.1. Тапсырыс беруші сайтта қызметті таңдайды және ақысын төлейді.

4. ҚАБЫЛДАУ (ШАРТ ЖАСАСУ) СӘТІ

4.1. Офертаны қабылдау сәті қызмет ақысын төлеу күні болып табылады.

5. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

5.1. Тапсырыс беруші қызмет ақысын төлегеннен кейін Орындаушы Тапсырыс берушінің электрондық поштасына ұйымдастыру мәселелері жөнінде, сондай-ақ платформаға кіру рұқсатын беру мен оның мерзімдері бойынша хат жібереді.

5.2. Егер Тапсырыс беруші хат алмаса, онда сайтта көрсетілген электрондық пошта мекенжайы немесе +7 771 964 0303 нөмірі бойынша Орындаушыға хабарласуы керек.

5.3. Уоркшоп сабақтары білім платформасында толықтай ашылып тұрады.

5.4. Тапсырыс берушінің уоркшоп тақырыптары бойынша сұрақтарына Орындаушы оқу платформасында жазбаша немесе аудио форматта жауап береді.

5.5. Егер Тапсырыс беруші балағат сөздер айтса, тіл тигізсе немесе ақылақтық пен әдеп нормаларын басқадай үлгіде бұзса, Орындаушы Тапсырыс берушіге жауап беруден бас тартуға құқылы.

6. ОРЫНДАУШЫ ТАРАПЫНАН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ СӘТІ

6.1. Оқу платформасына кіру үшін бірегей кілт (гиперсілтеме, логин және пароль) жіберілген сәтте қызмет тиісті түрде көрсетілген және Тапсырыс беруші тарапынан қабылданған болып саналады.

6.2. Тараптар арасында Атқарылған жұмыстар актісі жасалмайды және қол қойылмайды.

7. ТӨЛЕМДІ ҚАЙТАРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

7.1. Төлем ақысы қайтарылмайды.

7.2 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 685-бабының 2-тармағына сәйкес, Тапсырыс берушінің кінәсінен көрсетілмеген Қызметтер үшін төлем ақысы қайтарылмайды, сондай-ақ Тапсырыс беруші қызметті ұсынып бастағаннан кейін ол қызметтен бас тартқан жағдайда төлем ақысы қайтарылмайды.

№ 2-қосымша
«ВЕБИНАР», «ВИДЕОСАБАҚ» ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ
1. ҚЫЗМЕТ АТЫ

1. Вебинарлар:
1.1 Бизнестің өсу жолдары. Выручка өсіретін 8 құрал

2. Видеосабақтар:
2.1 Қазандағы тесік

2. ҚЫЗМЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҰЗАҚТЫҒЫ, ҚҰНЫ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ, ТАРИФТЕР

2.1. Офертаның ажырамас бөлігі бөліп табылатын сайттың сәйкес беттерінде көрсетілген:
2.1 https://damira.ismailova.kz/8tools
2.2 https://damira.ismailova.kz/offer/#about


3. ОФЕРТАНЫ ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

3.1. Тапсырыс беруші сайтта қызметті таңдайды және ақысын төлейді.

4. ҚАБЫЛДАУ (ШАРТ ЖАСАСУ) СӘТІ

4.1. Офертаны қабылдау сәті қызмет ақысын төлеу күні болып табылады.

5. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ

5.1. Тапсырыс беруші қызмет ақысын төлегеннен кейін Орындаушы Тапсырыс берушінің электрондық поштасына ұйымдастыру мәселелері жөнінде, сондай-ақ платформаға кіру рұқсатын беру мен оның мерзімдері бойынша хат жібереді.

5.2. Егер Тапсырыс беруші хат алмаса, онда сайтта көрсетілген электрондық пошта мекенжайы немесе +7 771 964 0303 нөмірі бойынша Орындаушыға хабарласуы керек.

5.3. Вебинар, видеосабақ оқу платформасында бірден ашылып тұрады.

5.4. Тапсырыс берушінің сұрақтарына Орындаушы оқу платформасында жазбаша немесе аудио форматта жауап береді.

5.5. Егер Тапсырыс беруші балағат сөздер айтса, тіл тигізсе немесе ақылақтық пен әдеп нормаларын басқадай үлгіде бұзса, Орындаушы Тапсырыс берушіге жауап беруден бас тартуға құқылы.

6. ОРЫНДАУШЫ ТАРАПЫНАН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ СӘТІ

6.1. Оқу платформасына кіру үшін бірегей кілт (гиперсілтеме, логин және пароль) жіберілген сәтте қызмет тиісті түрде көрсетілген және Тапсырыс беруші тарапынан қабылданған болып саналады.

6.2. Тараптар арасында Атқарылған жұмыстар актісі жасалмайды және қол қойылмайды.

7. ТӨЛЕМДІ ҚАЙТАРУ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

7.1. Төлем ақысы қайтарылмайды.

7.2 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 685-бабының 2-тармағына сәйкес, Тапсырыс берушінің кінәсінен көрсетілмеген Қызметтер үшін төлем ақысы қайтарылмайды, сондай-ақ Тапсырыс беруші қызметті ұсынып бастағаннан кейін ол қызметтен бас тартқан жағдайда төлем ақысы қайтарылмайды.

Made on
Tilda